Екі елдің өртке қарсы мамандары Ақтөбеде тәжірибе алмасты

Арнайы жоспарлы түрде ұйымдастырылған іс-шара «Қарғалы ауданының аумағында трансшекаралық өрттерді сөндіру» атты тақырып аясында жүргізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қарғалы ауданында бас қосқан көршілес Орынбор облысы мен Ақтөбе облысының білікті мамандары әр түрлі мәселелерді талқылады. Трансшекаралық орман өрттерін болдырмау, жазғы өрт кезеңінде қауіпті жағдайдың алдын алу және жою жұмыстарын ортаға салып ой бөлісті.

Шекара арасында өрт оқиғасы бола қалған жағдайда төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылатыны туралы екі жақты келісімге қол қойылды.
Дәстүрлі іс-шара былтыр Ресей елінің Орск қаласында өткізілген болатын.

Пікір қалдырыңыз