Ақтөбеде көшеден алынған Мирзоян ескерткіші орталықтағы саябаққа көшіріледі

Ақтөбеде Мирзоян көшесі Әлихан Бөкейханов болып өзгертіліп, бір түнде ескерткішін алып тастады.

Ақтөбеліктер бірнеше жыл бойы И.Мирзоян көшесін алып тастау туралы ұсыныс айтып, бастамашы топ қол да жинады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ескірген атаулардың бәрі қайта өзгерту қолға алынып, тізімде алғаш тұрған Мирзоян көшесі Әлихан Бөкейханов болып өзгерді. Республикалық ономастикалық комиссия қолдады. Биыл көше атауы өзгерді.

Ал ескерткіш алу үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Түнде шешім орындалып, Мирзоян ескерткіші орнынан алынды. Шешімді Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы орындады.

«Ескерткіш түбегейді жойылмайды. Қайта қалпына келтірілген соң «Социализм дәуірі» атауымен жинақталатын ескерткіштер қатарына қойылады. Бұл аумақ орталық мешіт маңындағы саябақта болады»,- деді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Танат Шегебаев.

Фото: Today.kz

Пікір қалдырыңыз