Жүздеген мүгедекке үміт сыйлаған Құралай Байменова «Ұлт мақтанышы» төсбелгісімен марапатталды

Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрайымы ұзақ жылдар бойы атқарған қызметі үшін құрметке ие болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық жұмыстарға тартып қана қоймай, мұң-мұқтажына құлақ асып, мүмкіндігінше көмектесіп жүрген Құралай Базарбайқызы республикалық деңгейдегі «Бейбітшілік әлемі» қоғамдық бірлестігінің атынан «Ұлт мақтанышы» төсбелгісімен марапатталды.

Қоғам жанашыры ретінде танымал тұлға тұрақты әлеуметтік көмектер ұйымдастырып, мүгедектерге арнап дербес үй салып беруіне мүмкіндік жасады.

Пікір қалдырыңыз