Ақтөбеде халықаралық тау-кен, металлургия, энергетика және мұнай химиясы көрмесі ашылды

«MinTech-АқтөбеМұнайХим 2018» Халықаралық Тау-кен, металлургия, энергетика және мұнай химиясы көрмесі «Қоныс» спорт сарайында 16-17 мамырда өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Көрмеге ҚР тау-кен, металлургия және мұнай химиясы кешендерiнің басты компаниялары, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келген осы салаларға арналған жабдықтарды өндірушілер, шетелдік компаниялардың өкілдері қатысады. Олар өнеркәсіптің тау-кен, металлургия, мұнай химиясы және энергетика салаларына арналған жаңа жабдықтар мен технологияларды көрсетедi.

Биыл Ақтөбе өңірін көрмеде «Казхром» АҚ «Трансұлттық компаниясы», «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШҚ, «Азот зауыты» ЖШҚ, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Allageum Electric» АҚ (Ақтөбе Филиалы), «СпецПромЦентр» ЖШҚ сынды Қазақстан өнеркәсібі салаларының алыптары мен жетекші кәсіпорындары ұсынатын болады.

Пікір қалдырыңыз