Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарына арнайы кеш ұйымдастырылды

Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Ана шапағаты» шарасы өткізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Отбасы күніне орай ұйымдастырған мерекелік кешке қатысқан 70-ке тарта анаға төсбелгілер табысталды. Бейнеэкран арқылы балалары алғыстарын жеткізді.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бағып, тәрбиелеп, керек кезінде ерінбей қолдау білдірген аналарымыз бүгінгі кештің басты кейіпкерлері. Біздің орталық бес жылда бір рет осы керемет жандарға арнап іс-шара өткізуді дәстүрге айналдырды. Бұл әрине ол кісілердің бізге жасаған қамқорлығының мыңнан бір тамшысындай ғана», — дейді Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының атқарушы директоры Гүлмира Сражова.

Бүгінгі таңда облыста орталықтан мүгедек бала асырап отырған 2 мыңға жуық ана ақпараттанып, көмек алып тұрады екен.

Пікір қалдырыңыз