Қазақстанда шикі мұнай мен табиғи газ өндірісі ұлғайды

2018 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,1 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегінше, 2018 жылғы қаңтар-сәуірде 2017 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдері, сусындар, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, фармацевтикалық өнімдер, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі өсті. Сонымен бірге, көмір және лигниттің өндірісі қысқарды, темекі өнімдері және өзге де көлік құралдарын жасау төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.

Пікір қалдырыңыз