Ғалымжан Байдербес: Ржевтегі мемориалдық кешен қазақ пен орыс ұлтының достығын нығайтады.

Ұзақ жылдар бойы қазақтың қос шынары Әлия мен Мәншүк жайлы мол деректер жинап келе жатқан Ғалымжан Байдербес қайта жаңартылған кешен жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл Жеңіс күні қарсаңына орай Ресей Федерациясының Ржев қаласында қазақстандық жауынгерлердің 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасының ерлік тақтасы қайта жаңғырудан өткізілген болатын. Салтанатты шараға қатысып келген белгілі әлиятанушы өз ойымен бөлісті.

«Ржев қаласына үшінші мәрте барып тұрмын. Алғаш барған кезде елдің әр түкпірінен «Жеңіс пойызы» арқылы кешеннің ашылу салтанаты болды. Асығыстау болып сол елге тапсырылмай қалған кезінде. Сегіз жылдан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлердің қолдауымен қайтадан жаңғыртып кеңейтті. Ең бастысы Ресей еліне бекітіп кетті. Бұл мемориалдық кешеннің жаңаруы қазақ пен орыс ұлтының достығын нығайтады», — дейді «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес.

Ерлік тақтасында 10 мың қазақстандықтың аты қашалып жазылды. Соның ішінде 3200 ақтөбеліктің есімі жазылған.

Пікір қалдырыңыз