Астанаға 20 жыл: Елорданың Ақтөбедегі күндерінде делегаттар «Мейірім» үйінде болды

Ақтөбеліктер өткен демалыста Астана күнін атап өтті. Мереке аясында тұрғындар спорттық шараларға белсене қатысты. Өңірде «Астана мен Ақтөбе облысының аймақаралық әріптестігі» атты бизнес форум өтті. Жиын елорданың 20 жылдығына арналды.

Делегацияны Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастап келген. Форумда кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламалары, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша Астананың инвестициялық мүмкіндіктері, сандық экономикаға көшуде қаланың инновациялық шешімдері тақырыптары қозғалды.

Бірқатар кәсіпорындар арасында әріптестік меморандумдарға қол қойылды.

Сонымен қатар, орталықтан келген қонақтар жетім балаларға арналған «Мейірім» әлеуметтік орталығында болды.

Пікір қалдырыңыз