Ақтөбеде мектеп оқушылары арасында батырлар жырын жатқа оқудан жарыс өтті

Ақтөбеде мектеп оқушылары арасында «Батырлар жыры – жастар үні» байқау өткізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Қос шынар» Әлия-Мәншүк атындағы қоғамдық бірлестік ұйымдастырған сайысқа 60-тан астам адам қатысты. Олар ежелгі дастандардан бастап Ұлы Отан соғыс жылдарындағы батырлар ерліктеріне дейінгі аралықтағы жырларды жатқа айтып жарысты.

«Бүгінгі шарамыздың басты мақсаты жастарды өз елін қорғайтын патриот ретінде батырлар жыры арқылы тәрбиелеу. Қатысушылардың рухы мықты екені көрініп тұр. Тіпті, әр мектептен бірнеше оқушыдан қатысып жатыр», — дейді «Қос шынар» Әлия – Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес

Қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз