Ақтөбеде Астананың 20 жылдық мерекесіне орай көне жәдігерлер көрмесі өткізіледі

Өнер мұражайында «Жәдігер жерде қалмасын» атты акция өткізіледі деп жоспарланып отыр. Облыс тұрғындарының мұражайға ұсынған заттарынан көрме ұйымдастырылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Көрмеге өңірдегі халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын қолөнер бұйымдары, зергерлік бұйымдар, қыл қалам туындылары, тұрмыстық бұйымдар және өзге ұлт өкілдерінің ұлттық, тұрмыстық заттары қойылады.

Биыл 19-шы мәрте ұйымдастырылып жатқан «Жәдігер жерде қалмасын» акциясы Астананың 20 жылдық мерекесіне арналады.

Облыстық мұражай қорында 111 мыңнан астам экспонат есепке алынған. Оның әрбір екіншісін облыс тұрғындары тапсырған екен.

Пікір қалдырыңыз