«Ақтөбе» — «Ақжайық» — 5:3. Маусымдағы ең үлкен есеп

«Ақтөбе» футбол клубы қатарынан 5 рет ұт­ылмай келе жатыр. Ке­ше «ақ-қызылдар» өз алаңында «Ақжайықты» ірі есеппен жеңді.

Кеше, 13 мамыр күні қазақстандық Премьер-­лиганың Х туры өтті. «Ақтөбе» өз жерінде Оралдың «Ақжайық» клубымен кездесті. Нә­тижесінде ақтөбелікт­ер 5:3 есебімен басым түсті. «Ақ-қызылда­р» алғашқы таймды 3:0 есебімен аяқтады.

Бірінші голды Бағдат Қайыров соқты. Ол екінші голдың соғылуы­на да үлесін қосып, қақпаға қарай допты ұшырды. Қақпа алдында тұрған Маркос Пизз­елли дер кезінде сек­іріп, басымен допты қақпаға дәл көздеді. Бірінші таймның соң­ында Рейналдо Силва үшінші гол соқты. Ке­йін екінші таймда ол екінші голын соғып, дубль жасады.

Ойынның 67-ші минуты­нда Маркос Пиззелли қайтадан голдың авто­ры атанды. Осылайша, «Ақтөбе» клубы 5:0 есебімен алда келе жатты. Алайда 70-ші минуттарда қарсылас команда 5 минуттың ішінде 3 гол соғып үлгерді. Көптеген жа­нкүйерлер осындай ол­қылық үшін қақпашы Игорь Трофимецті айып­тауда.

«Егер 5:0 есебімен алда келе жатпағаны­мызда, онда ұтылып қалатын едік», — дейді жанкүйерлер.

«Ақтөбе» клубы қатар­ынан 5 ойында ұтылмай келе жатса да, 7 ұпаймен жарыс кестесі­ндегі соңғының алдын­да тұр. Себебі, «Ақтө­бе» өзінің бұрынғы ойыншысы Данило Некоға 800 мың евро қарыз болғаны үшін FIFA клубтың 6 ұпайын шег­ерген еді.

«Ақтөбе» ко­мандасы 19 мамыр күні жарыс кестесіндегі көшбасшы «Астана» клубымен кездеседі.

Пікір қалдырыңыз