Ақтөбеде әлеуметтік кәсіпкерлік форумы өтіп жатыр

Ақтөбеде «Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ серіктестігі» атты әлеуметтік кәсіпкерліктің Қазақстандағы ең бірінші халықаралық форумы басталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұл ірі іс-шара Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдар арасында тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға арналды.

Қазақстан үшін әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбы өзекті болып келе жатқанын айта кету керек. Әлеуметтік-кәсіпкерлік қоғамдағы қоршаған ортаны қорғау, білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну және тағы басқа жұмыс орындарын құру сияқты ең өзекті, әлеуметтік, экологиялық және мәдени мәселелерді шешеді. Форумды ұйымдастырушылар әлеуметтік кәсіпкерлікті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес пен ҮЕҰ арасындағы тиімді серіктес ретінде қарауды ұсынады.

Осы орайда, диалог алаңына мемлекеттік органдар өкілдері, халықаралық ұйымдар, бизнес және ҮЕҰ-дың, сондай-ақ Қазақстан, Израиль, Түркия, Польша, Грузия, Қырғызстан және басқа да елдердің әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы қоғам қайраткерлері мен сарапшылары қатысты.

Екі күндік форумға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нукенов, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» РҚБ президенті Раушан Сәрсембаева, сондай-ақ танымал халықаралық сарапшылар, кәсіпкерлер қатысады.

Форумда кәсіпкерліктің жаңа бағытын дамытуға байланысты көптеген мәселелер шешіледі деп күтілуде. Пленарлық отырыс барысында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуда ғаламдық трендтерді талқылау, сондай-ақ халықаралық тәжірибені қарастырады.Халықаралық форумның қорытындысы бойынша резолюция қабылданып, бірқатар меморандумдарға қол қойылады.

Сондай-ақ, форум барысында Ақтөбе облысының әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарын таныстыру көшпелі семинарлар ұйымдастырылып, B2B, B2S форматында шеберлік кластары, кездесулер өтеді.

Пікір қалдырыңыз