«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»: Жеңіс мерекесіне орай Ақтөбедегі әйел жамағаты соғыс өлеңдерін оқыды

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің әйел ұстаздары Жеңіс күні қарсаңында «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» іс-шарасын өткізді. Онда 100-ге жуық ардагердің есімдері аталып Құран аяттары бағышталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Майдан туралы деректер айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Онда қазақ халқының соғысқа қосқан қомақты үлесі баяндалып, Кеңес Одағының батыры атағын алған қандастарымыз жайлы мағлұматтар берілді.

Фариза Оңғарсынованың «Бесік жыры» атты өлеңі оқылды. Бұл әкесі қан майданнан қайтпаған баланың мұңды монологі болатын. Тағылымды сабақта фотосуреттер де «сөйледі». Шәкірттер соғысқа қатысқан әке, аға-іні, бауырларының фотосуреттерін әкеліп, батырлар аузынан естіген естеліктерімен бөлісті.

Пікір қалдырыңыз