мамыр 10, 2018

Әкімшілік тіркеуде тұрған ақтөбелік азамат рұқсатсыз Астана қаласына кетпек болған

Ақтөбе сақшылары «Есепке алу» іс-шарасын өткізді. Тұрғылықты жері бойынша 3700 адам есепке алынып, олар жасаған 21 құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Тексеріс кезінде әкішілік тіркеуде тұрған Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғынының Астанаға рұқсатсыз кетпек болғаны анықталды. Бүгінде ол жауапқа тартылып жатыр. Сонымен бірге, тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 71 отбасылық жанжал тіркеліп, полиция есебіне алды.

Ақтөбе облысының тұрғындары соңғы үш айда 2 млрд теңгені Ресей рубліне айырбастаған

Ақтөбе облысында теңгені рубльге айырбастау көлемі 65 пайызға артқан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыстың «бас банкирі» Перизат Әсімбетованың айтуынша, ақтөбеліктер қолма-қол ақша айырбастауда ресейлік рубльге басымдық беріп отыр. Екінші орында АҚШ доллары, ал үшінші орында еуро тұр. «Тұрғындарға ресейлік рубльді сату көлемі 64,9%-ға өсіп, 2 млрд. 219 млн. теңгеге жетіп отыр. Тұрғындардан сатып алу көлемі 31,1%-ға артып, 230,4 млн. теңгеге жетті», — деді ҚР Ұлттық банкі Ақтөбе облыстық филиалының басшысы

Ақтөбеде 89 жастағы әжей газдан уланып, ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде 5 қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Өрт 9 мамыр күндіз болған. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы әзірге нақты ақпарат таратпай отыр. Астанадағы төтенше жағдайлар комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 4 адам эвакуацияланып, 1 адам құтқарылды. Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыған. «1929 жылғы әйел адам иісті газден уланып, ауруханаға жеткізілді. Өрттің алдын ала шығу себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы», — делінген ведомство таратқан мәліметте. Көрнекі фото: nv.ua

Ақтөбеде тоқтатылған 149 лифтінің 22-сі апатты жағдайда тұр

Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы лифттерді тексеріп, қорытындысын шығарды. Қазіргі кезде 149 лифттің жұмысы тоқтап тұр. Жөндеуге жарамдысы жөнделеді, ал 22 лифтті алмастыру керек. Биыл облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 40 миллион теңге бөлінген. «Ақтөбе облысында барлығы 776 лифт бар. Біз тексеру кезінде 25 жылдан бері жұмыс істеп тұрған лифтілерді қарадық. Барлығы 139 көпқабатты тұрғын үйдегі 282 лифт тексерілді. Көп заңсыздық анықталып отыр. Мәселен, тексерілген лифтінің тек 18-інде жүруге

Ақтөбе қалалық спорт бөлімінің басшысы Гончаров Қазақстандағы әділетсіз төрелікке күйініп отыр

«Шетелдік сайыстарда спортшыларымызға бөгет қойып жатса, ашуымыз келеді, бірақ өз жерімізде де әділетсіз шешім шығарып жатамыз», — деді Евгений Гончаров өзінің инстаграм парақшасында. Ол Жекпе-жек федерациясын айыптап отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «62 келі салмақ дәрежесіне дейін Сергей Морозов Бекзат Елмаханға қарсы шықты. Бекзат алғашқы және үшінші раундта таза жеңілді. Оның үстіне жекпе-жек әуесқойлар ережесімен өтті, яғни партерде бір минут берілуі керек еді. Бірақ Морозовқа толығымен күресуге мүмкіндік берілмеді. Сөйтіп,

"Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген": Жеңіс мерекесіне орай Ақтөбедегі әйел жамағаты соғыс өлеңдерін оқыды

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің әйел ұстаздары Жеңіс күні қарсаңында «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» іс-шарасын өткізді. Онда 100-ге жуық ардагердің есімдері аталып Құран аяттары бағышталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Майдан туралы деректер айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Онда қазақ халқының соғысқа қосқан қомақты үлесі баяндалып, Кеңес Одағының батыры атағын алған қандастарымыз жайлы мағлұматтар берілді. Фариза Оңғарсынованың «Бесік жыры» атты өлеңі оқылды. Бұл әкесі қан майданнан қайтпаған баланың мұңды монологі болатын. Тағылымды

Ақтөбелік тауар өндірушілер ірі мұнай компанияларынан тапсырыстар ала бастады

Ақтөбелік тауар өндірушілер Атыраудағы ірі мұнай компанияларының тапсырысын орындай бастады. «Қарашығанақ» пен «Теңізшевройл» компаниялары да тапсырыс береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде ірі мұнай компаниялары мен тауар өндірушілер сұраныс пен ұсынысты нақтылап, қазақстандық үлесті арттыру үшін бірлесе жұмыс істеуге кірісті. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің айтуынша, «Қарашығанақ Петролеум» компаниясы келісімшарт санын арттырды. Қазіргі кезде 180 келісімшарт бар. Соңғы 10 келісімшарт құны 22,5 миллион доллар болды. «Теңізшевройл» компаниясы тауар мен