Ақтөбеде Ұлы Жеңіс күніне орай өткізілген ұлттық ойындарға 400-ге жуық спортшы қатысты

Астана қаласының 20 жылдығы мен Жеңіс мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада спорттың он түрінен қатысушылар бақ сынады. Көрші облыстармен қатар Орынбор қаласынан үміткерлер қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ұлы дала рухы» атты фестивалінің батыс аймақтық кезеңіне іріктеу үшін өткен додада 400-ге жуық спортшы бақ сынап, сексеннен аса сәйгүлік бәйгеге шапты.

«Көршілес Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарымен қатар Орынбор қаласынан да қатысушылар тіркелді. Барлығы спорттың он түрінен өткізіліп жатқан Аламан бәйгенің бас жүлдесі ретінде автокөлік сыйға беріледі. Қалған жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар үлестіріледі», — деді Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Аманбай Нұрмаханбет.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жүлдегерлерді құттықтап, алыстан келген спортшыларға алғысын жаудырды.

Пікір қалдырыңыз