Ақтөбеде өткен Республикалық аламан бәйгеде алматылық шабандоз топ жарды

Ұлы Жеңіс күніне орай өткізілген аламан бәйгеде бірінші келген шабандозға автокөлік тарту етілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Астана қаласында жаратылған бес жасар «Бақторы» атты сәйгүлік бабында екенін дәлелдеді. Барлық айналымда алғашқы болып келіп көрерменнің ықыласына бөленді.

«Біз бірінші келетінімізге сенімді болдық. Жылқыны жақсылап жараттық. Қыстыгүні Алматы қаласында, жаздыгүні Астана жақта дайындаймыз. Бізде өз арамызда бәйгелер ұйымдастырып тұрамыз. Бүгін ұтып алған машинаны басқа жарыстарға тігетін боламыз», — дейді сәйгүлік иесі Нұрдәулет Қуанышұлы.

Жылқыны тақымдап жүлдегер болған шабандоз — алматылық.

Пікір қалдырыңыз