Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында Әлия мен Мәншүкке ескерткіш қойылды

Ұлы Жеңіс мерекесінің 73 жылдығына орай Қандыағаш қаласында қазақтың қос шынары атанған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға қойылған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды аудандық ішкі саясат бөлімінен.

Ашылу салтанаты аудан әкімі Ербол Данағұлов қатысып, салтанатты шараға жиналған тұрғындарды Жеңістің 73 жылдық мерекесімен құттықтады. Е.Баймұхамбетов көшесі бойында бой көтерген ескерткіштің жан-жағын көркейту, абаттандыру жұмыстары «Туған жерге тағзым» акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттарының демеушілігімен жүргізілген болатын.

Қазақтың қос шынары атанған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға қойылған ескерткіштің лентасын салтанатты түрде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қазтай Тыныштықов пен Артем Проскурня кесті.

Қойылған ескерткішке жергілікті атқарушы биліктің, мәслихаттардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың өкілдері салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды.

Пікір қалдырыңыз