Роза Рымбаева Қобдадағы концертіне 400 шақырым жерден ат арылтып келген оқушыларға ризашылығын білдірді

Роза Рымбаева Ақтөбе облысының Қобда ауылында, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған жерінде қайырымдылық концерт берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Батыр қыздың ауылындағы патриоттық орталықта әнші мектеп оқушыларымен кездесіп, аз-маз әңгімелесті. Қобда мәдениет үйіндегі қайырымдылық концертіне жиналғандар арасында да мектеп жасындағы балалар аз болмады.

Роза Рымбаева залға сыймай, терезеден сығалап тұрған балаларды да көріп, мәдениет үйінің басшылығына келесі концерттерде кішкене басқаша ұйымдастыру жөнінде ұсыныс айтты.

Әнші залда отырған кішкентай көрермендер арасынан сонау Әйтеке би ауданынан арнайы келген мектеп оқушыларына ерекше алғысын білдірді.

«Мені сонау 400 шақырым жерден арнай іздеп келген кішкентай 20 кішкентай көрерменіме ерекше алғысымды білдіремін», — деді әнші.

Айта кетейік, әншінің Ақтөбе облысына сапарын M-Pro Entertainment орталығы ұйымдастырды, өз кезегінде өңірдегі белгілі кәсіпкер Сергей Вишняк демеушілік көрсетті. Ұйымдастырушылар облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қобда ауданының әкімдігіне, сонымен бірге Кеңес Жаңабаев ризашылығын білдіреді.

Бекбол Құлдан, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз