Ақтөбеліктер екінші деңгейлі банктерге 305,4 млрд теңге қарыз

2018 жылдың алғашқы тоқсанында ақтөбеліктер банктерден 74,3 млрд теңге көлемінде несие алған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Несиенің 92%-ы, яғни 68,4 млрд теңгесі ұлттық валютамен берілген. Қалған 27,1 млрд теңге, яғни шетел валютасындағы қарыз заңды тұлғаларға рәсімделген.

Наурыз айының соңындағы мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысының тұрғындары банктерге 305,4 млрд. теңге қарыз. Ал осының 7,7%-ы, яғни 23,5 млрд теңгесі — мерзімі өткен берешек. Қарапайым тілмен айтқанда, ақтөбеліктер банктерге 23,5 млрд. теңгені уақытында қайтара алмай отыр. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10%-ға азайған.

Облыстың бас қаржыгері Перизат Әсімбетованың мәліметінше, тұрғындар шетелдік валютадан гөрі теңгеге көп сенім артады. Бұған дәлел ретінде ол ұлттық валютада алынған несиенің үлесі 12%-ға артқанын айтты. Ал шетел валютасындағы несиелер керісінше 26%-ға төмендеген.

Пікір қалдырыңыз