Ақтөбедегі медицина университетінің интерні Дүниежүзілік отбасылық дәрігерлер ұйымының стипендиясын жеңіп алды


Медицина университетінің интерны Гүлназ Әділова 23-27 мамыр аралығында Польшаның Краков қаласында өтетін ірі конференцияға Қазақстан атынан баратын жалғыз өкіл. Төрт күн бойы олар болашақ әріптестерімен танысып, отбасылық медицина дамуына байланысты мәселелерді талқылайды.

«Мен «Жалпы тәжірибе дәрігері» мамандығы бойынша интернатураның 6-шы курсында оқимын. Дүниежүзілік отбасылық дәрігерлер ұйымының (WONKA) стипендиясына конкурс туралы біздің университетіміздің әлеуметтік желідегі парақшасынан білдім. Әрине, кез-келген конкурсқа қатысу ең алдымен өзіңді тексеру, өзіңнің білімің мен дағдыларыңды бағалауға мүмкіндік береді және мен өз бағымды сынап көруді жөн көрдім. Конкурстың талаптарына сәйкес сауалнама толтырып, Краковқа неге мен баруым керек деген сұраққа жауап бердім. Құзырлы қазылар алқасы менің сауалнамамды таңдап, Краков қаласындағы конференцияға қатысуға стипендия тағайындады. Бүкіл әлемнен небары 12 стипендиаттың бірі болғаныма қуанамын», — деді Гүлназ Әділова.

«WONCA Europe Krakow 2018» конференциясына қатысу отбасылық медицина саласындағы өз білімін жетілдіріп, кеңейтіп, қазіргі заманғы денсаулық сақтау проблемалары туралы көбірек білуге көмектеседі.

Пікір қалдырыңыз