Жастар ресурстық орталығы Ақтөбенің дарынды жастарын анықтауға кірісіп кетті


Ақтөбеде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағыты аясында қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет Ақтөбе қаласы әкімінің «Ақтөбе Дарыны — 2018» байқауы өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Байқауға 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын кез келген Ақтөбе қаласының тұрғыны қатыса алады. Қатысушылар өз өтінімдерін 15 номинация бойынша жолдай алады.

«Байқаудың басты мақсаты — жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, жас мамандардың шығармашылық дамуына жағдай жасау. Өтінімдер 20 мамырға дейін қабылданады. Кейін іріктеуден өткен қатысушылар әлеуметтік желілерде дауыс қабылдауға орналастырылады», — дейді қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау мамыр айының соңына жоспарланған. Өтінімдерді қабылдау мамырдың 20-ына дейін жалғасады. Құжаттарды zhastar.premiyasi.2018@mail.ru электронды поштасына және 30 беттік папкада жинақтап Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2, №57 кабинетке тапсыруы тиіс.

Пікір қалдырыңыз