«Бақытты бала»: Жұбанов университетінің ректоры Алға балалар үйінің екі тәрбиеленушісін тегін оқытпақ

Балалар үйінің тәрбиеленушілері Ақтөбедегі Студенттер сарайында үлкен концерт берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Бұл концерт Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылды. Концертке балалар үйiнің 24 тәрбиеленушісі қатысты», — дейдi ұйымдыстырушылардың бiрi Анар Сералиева.

Концерт соңында балалар үйiнiң директоры Кенжеғазы Байғазин ұйымдастырушыларға алғыс бiлдiрдi. Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков екi тәрбиеленушіге грант тағайындайтынын жеткізді. Сонымен бірге ректор балалар үйіне 250 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Салтанат Ерланқызы, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз