«Бақытты бала»: Бердібек Сапарбаев 60 балаға Қазақстанның киелі өңірлерін аралауға жолдама берді

Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барған Бердібек Сапарбаев балалардың робот техникасындағы, спорт, ғылым мен білімдегі жетістіктерінің, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмыстарының көрмесін аралады.

Облыс басшысы 60 оқушыға Астана қаласына, Түркістан және Маңғыстау облыстарының киелі жерлеріне экскурсиялық саяхат жасауға тегін жолдама, сонымен қатар, үш аудандық мектепке 15 компьютер тарту етті.

Әкім сонымен бірге ата-ана қамқорлығынсыз қалған бес балаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарын толтыру үшін жалпы сомасы 500 мың теңгеге сертификат табыс етті.

000

Пікір қалдырыңыз