Жеңіс мейрамы қарсаңында Ақтөбеде жол қозғалысы шектеледі


Жеңіс мейрамын мерекелеу мақсатында 4, 5, 6 мамыр күндері жол қозғалысын шектеледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 9 мамыр күні де көліктің барлық түріне қозғалыс шектеледі.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, 4-5 мамыр күндері жергілікті уақытпен сағат 19-00 — 22-00 аралығында Әбілқайыр хан даңғылы бойынша Пацаев көшесінен «Айна» СҮ дейін шектеледі.

6 мамыр күні сағат 11-00 мен 14-00 аралығында Әбілқайыр хан даңғылы бойынша Пацаев көшесінен «Айна» СҮ дейін қозғалыс шектеледі.

9 мамырда сағат 08-00 — 12-00 аралығында Әбілқайыр хан даңғылы бойынша Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін, Ә.Молдағұлова даңғылынан 101 Атқыштар бригадасы көшесіне дейінгі, 101 Атқыштар бригадасы көшесінен М.Оспанов көшесіне дейінгі, М.Оспанов көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне дейінгі, Ғ.Жұбанова көшесінен М.Мәметова көшесіне дейінгі аралықта және Сазды өзені арқылы өтетін көпір өткелінде барлық көлік түрінің қозғалысы жабылады.

Пікір қалдырыңыз