Республикалық мониторингтік топ мүшелері Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықпен күреспек


Сыбайлас жемқорлықты талдау жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік топ Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өзіндік пікірі бар, ел алдында жүрген азаматтардан құрылған талдау тобы мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік орталықтарды, оқу орындары мен халық көп шоғырланатын орындарды аралап жүр. Мақсат — жұмыс барысында кемшілік кеткен жерлерге ұсыныс айту арқылы түзету енгізу.

«Маңыздысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам белсенді жұмыс жасап жатыр. Ең қорқыныштысы түрлі кері пікірлердің көбеюі. «Жемқорлықты жою мүмкін емес!», «Іс жүзінде құрта алмаймыз», «Ол әрбір елде бар» деген сөздерді көп естіп жатамыз. Бұл өте қорқынышты», — деді Қазақстан Республикасының блогерлер Альянсының президенті Ғалым Байтүк.

Пікір қалдырыңыз