Ақтөбеде жазасын өтеп шыққан жастар арасында волейболдан жолдастық кездесу өтіп жатыр


Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облыстық жастар жастар ресурстық орталығы мен қалалық пробация қызметі ерікті, белсенді және пробация қызметінде есепте тұрған жастар арасында волейболдан жолдастық кездесулер өткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шараны ұйымдастырудағы мақсат – жастар арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, пробация қызметінде есепте тұрған жастардың қоғамға бейімделуіне, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Жолдастық кездесуге Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі, Ақтөбе политехникалық колледжінің және Ақтөбе қалалық пробация қызметінде есепте тұрған жастары қатысты. Шара барысында қатысушы командалар диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз