Ақтөбеде супермаркеттердің бірінен шоколад ұрлап, оны дүкендерге арзан бағаға өткізіп келген тұрғынға үкім шықты


Ақтөбе қалалық соты сауда орындарының бірінен шоколад ұрлаған 31 жастағы тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Супермаркеттердің бірінен «Alpen Gold Max Fun» шоколадының 6 данасын алып кеткен ол араға 2-3 күн салып, «Nestle Classic» шоколадының 33 данасын жымқырды. Бір ай өткенде «Alpen Gold» шоколадының 35 данасын алып кетті.

Сот отырысы кезінде ол кінәсін мойындады. Айыпталушы ұрлаған шоколадтарды арзан бағамен сатып жіберген екен. Тәртіп сақшылары оның шоколадты арзан бағамен дүкендерге ұсынып жүрген жерінен ұстады.

Айта кетейік, айыпталушы шығынды түгел өтеді. Сот оған 240 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылу жазасын тағайындады.

Пікір қалдырыңыз