Ақтөбеде 10-11 мамыр күндері ыстық су беру шектеледі


«Трансэнерго» АҚ 10-11 мамырда Ақтөбе жылу электр орталығымен бірлесе отырып, жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізетінін хабарлайды. 10-11 мамыр аралығында ыстық судың берілуі тоқтатылады

Пәтер иелері кооперативтері, тұрғын үй кооперативтері, кондоминиум басшылары және өзге де тұтынушылар сынақ өткізу кезінде үйлер мен ғимараттардың жылу тораптарындағы бекітуші арматураны сенімді етіп жабулары қажет.

Пікір қалдырыңыз