Ақтөбе полициясы ұрланған велосипед сатып алушыларға ескерту жасады


Ақтөбе облысында жыл басынан бері 10 велосипед ұрланған. Алайда, құжаттарының болмауына байланысты оларды іздеу қиынға соғып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Арыз иелері велосипедтің құжаттарын сақтамайды. Сондықтан, оны табу қиынға соғады. Бұл ретте кейбір адамдардың ұрланған дүниені сатып алуы да құптарлық жайт емес. Оның үстіне, ұрланған велосипедті қолдан сатып алған адамның өзі де жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескерткіміз келеді», — дейді тәртіп сақшылары.

Пікір қалдырыңыз