Ақтөбе облысы бойынша ораза кестесі жарияланды


Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы биыл пітір садақа мөлшерінің 300 теңге болатынын хабарлады. Қазіргі кезде әр облыстың Ораза кестесі де жарияланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Қажеттілігін қоспағанда, мал-мүлкі, дүниесі күміс нисабына жеткен адамның ораза айт күнінде өзі және сәби балалары үшін пітір садақа беруі – уәжіп. Ол – оразаның қате-кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа. «Пітір» сөзі жаратылыс деген ұғымды береді, оны жан садақасы деп те атайды. Пітір садақа екі келі бидай немесе оның өнімдерімен және төрт келі мейіз, құрма немесе арпамен есептеледі. Дегенмен азық-түліктің орнына пітір садақаға оның ақшалай құнын бергені абзал. Биылғы пітір садақа мөлшері екі келі ұнның орташа бағасымен есептеліп, 300 теңге деп белгіленді. Әйелі және үлкен балаларының жағдайлары жетіп тұрса, олар өздері үшін пітір садақа береді. Ал олар үшін де пітір садақа берген адам, әлбетте, сауаптан құр қалмайды», — деп хабарлады Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасынан.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша 16 мамыр күні таңғы сағат 3:17-де ауыз бекіту уақыты белгіленді. Қадір түні 10 маусымнан (жексенбі) 11 маусымға (дүйсенбіге) қараған түн.

Пікір қалдырыңыз