«Рухани жаңғыру»: Ақтөбеде таңдаулы өнерпаздардың облыстық өнер бәйгесі өтеді

«Ел іші — өнер кеніші» облыстық шығармашылық фестивалінде алты номинация бойынша мықтылар анықталады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы «Ел іші — өнер кеніші» фестивалінің облыстық кезеңін өткізеді.

Шараға аудандық іріктеуден өткен өнерпаздар қатысады. Атап айтатын болсақ, «Вокал», «Хореография», «Театр», «Көркемсөз», «Аспаптық» және «Дәстүрлі өнер» салалары бойынша үздік деп танылғандар марапатталып, гала концертте өнер көрсету құрметіне ие болады.

Пікір қалдырыңыз