Парижде кәсіподақ шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласты


1 мамырда Парижде француз кәсіподақтарі ел президенті Эммануэль Макронның экономикалық реформасына қарсы акция өткізіп, ол жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Мыңнан аса бетперде киген адам полицияға қарсы «Молотов коктейлі» мен тас лақтырды, деп хабарлайды Азаттық.

Шерушілер легі Бастилия алаңынан Италия алаңына дейін жүріп өту керек болған. Бірақ солшыл радикалды «Қара блок» қозғалысының белсенділері шерушілерге қосылып, бейбіт акцияны бұзды деп хабарлайды Француз халықаралық радиосы. Солшыл радикалдар дүкендерді қиратып, қоқыс жәшіктерін өртеді. Жанғыш сұйықтық құйылған шөлмектің бірі «Макдональдс» мейрамханасына түсті.

«Қара блок» қозғалысы 2017 жылы Гамбургте экономикасы дамыған G7 елдерінің лидерлерінің саммитінде де тәртіпсіздік ұйымдастырған. Ол кезде 70-тен астам полиция қызметкері жараланған еді.

Пікір қалдырыңыз