Назарбаев Трамппен келіссөздер жайлы: «Қазақстанның жауы жоқ»


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының бірлігі күнінде Астанада мерекені тойлауға жиналған халықтың алдына сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздері жайлы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Сіздер менің іссапармен Америкада болғанымды білесіздер. Сол елдің президенті Дональд Трамп менен былай деп сұрады (оның әріптестері бір қатарда, біз қарама-қарсы отырдық): «Сіздер қай елдермен жауласасыздар?» Мен Қазақстанның ешқандай жауы жоғын айттым. Сонда Трамп былай деді: «Қараңыздар, Қазақстан ешкіммен жанжалдаспайды, ал біздің айналамыздың барлығы жау». Алла осымыздан айыра көрмесін», — деді Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз