Ақтөбеде өтіп жатқан «Менің әкем» байқауына жалған дауыс жинаған қатысушылар анықталған


Ақтөбе өңірінде алғаш рет ұйымдастырылған әкелер байқауында әлеуметтік желі арқылы жалған дауыс жинаған әкелер айласын асыра алмады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Инстаграм желісінде арнайы парақша арқылы дауысқа түскен үміткерлердің арасында қулыққа барып, алға шықпақшы болған қатысушылардың жолы болмады.

«Дауыс беру аяқталды. Арасында жалған дауыс (раскрутка) жинаған әкелер де анықталды. 20 минуттың ішінде 5000 лайк жинап кеткен қатысушыларымыз болды. Барлығы тексерілетінін айтқым келеді», — дейді жобаның әлеуметтік желіде үйлестірушісі Азамат Әбілқайыр.

Бірінші рет өткізіліп отырған байқауға көрші аймақтардан да қатысуға ұсыныстар түскен. Бірақ, бұл тек облыстық көлемде өтетіндіктен олардың өтініштері қабылданбаған.

Пікір қалдырыңыз