Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады


Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай өткізілген салтанатты шеруге он мыңнан аса адам қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс басшысы барлығын бірлікте болуға шақырып, жасалып жатқан жұмыстарды қолдап жатқаны үшін тұрғындарға облыс әкімдігі атынан алғыс айтты.

«Біз ақтөбеліктер елбасының тапсырмасын орындау мақсатында елдегі татулықты, бірлікті, ынтымақты одан әрі дамыту үшін бірге жұмыс жасап келеміз. Қазіргі таңда 18 мәдени ұлттық орталық жұмыс жасайды. Елімізде бірлік болса тірлік болады. Бір жанұядай өмір сүріп, жасалып жатқан жұмыстарды қолдап жатқандарыңыз үшін облыс әкімдігі атынан баршаңызға алғыс айтамыз!», — деді Бердібек Сапарбаев.

Салтанатты шара барысында облыс халқының тұтастығына тікелей қызмет қылып жүрген әр түрлі ұлт өкілдерінің орталықтары дипломдармен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз