Ақтөбеде Бірлік мерекесіне орай өткізілген шарада көрші Ресей елінің өнерпаздары өнер көрсетті


Ақтөбелік тұрғындарға арнап Орынбор облысының өнерпаздары мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысқан арнайы шарада Орынбор облысынан келген қонақтар мен Татарстан Республикасының өнерпаздары қала халқын мерекемен құттықтады. Музыкалы сәлемдемелерін жолдап, бірлік пенн татулық үшін тілек тіледі.

«Көршілес Ресей елінің азаматы ретінде Орынбор губернаторының атынан Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға үлкен алғыс айтып, ынтымақ тілеймін», — деді Орынбор губерниясының еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері Андрей Помечук.

Пікір қалдырыңыз