Ақтөбеде Республикалық «Жасұлан – 2018» әскери қолданбалы спорттық шарасына үміткер оқушылар іріктелді


Патриоттық шара барысында белгілі әлиятанушы Ғалымжан Байдербес «Сабыр Рахимов» атындағы медальмен марапатталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласында білім беретін мектептердегі әскери-патриоттық клубтардың қатысуымен өткізіліп отырған жиынға тоғыз команда қатысты. Облыстық кезеңнің шарты бойынша мектеп оқушылары саптық дайындық, жүгіру, кермеге тартылу, эстафеталық жарыстар және бір орыннан ұзындыққа секіру бойынша сайысқа түсті.

Жастарды патриоттық тәрбиеге тартып, отансүйгіштікке баулып жүргені үшін белгілі әлиятанушы Ғалымжан Байдербес Кеңес Одағының батыры «Сабыр Рахимов» атындағы медальмен марапатталды.

«Қырық жылдан астам уақыт Әлия апамыздың ерлігін біздің алдымызға паш етіп келген, сұрапыл соғыстың қиын кезеңін жеткізген Ғалымжан Байдербес ағамызға үлкен алғыс білдіреміз. Ауғанстан соғысы ардагерлерінің кеңесі атынан марапаттағымыз кеп отыр. Қандай марапат берсе де лайықтысыз», — деді «Ербақыт» әскери-патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев.

Жеңімпаз командалар медаль, кубоктармен марапатталып республикалық кезеңге жолдама алады.

Пікір қалдырыңыз