Ақтөбеде ерекше белсенділігімен көзге түскен мектеп директоры қаланың «бас педагогы» болып тағайындалды.


Айсұлу Жақсыбаева Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мұғалжар ауданында дүниеге келген ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі біліктілігі бойынша аяқтаған. Шалқар ауданында үш мектепті басқарған, Ақтөбеде мұғалімдіктен директор қызметіне дейін жоғарылаған Айсұлу Жақсыбаева күні бүгінге дейін №8 мектепке жетекшілік етіп келді.

Бұрын ол қалалық білім бөлімінің әдіскері, бас маманы, Ақтөбе облыстық білім департаментінің бас маманы қызметтерін де атқарған.

Пікір қалдырыңыз