Ақтөбеде «Даму» қорынан несие алып беремін деп бір отбасыны шығынға батырған әйелге сот үкімі шықты


Ақтөбеде бір отбасы алданып қалды. Айыпталушы «Даму» қорынан 20-40 миллион теңге көлемінде несие алып беремін деп алдын ала 100-800 мың теңге аралығында ақша сұраған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Іс материалына сүйенсек, айыпталушы жәбірленушіге 20 миллион теңге рәсімдеуге уәде берді. Бұл қызметі үшін алдымен 100 мың теңге алады. Кейін «несие алатын клиенттердің тізімінде бірінші болып тұрсыз, несиені тез алу үшін қосымша 700 мың теңге керек» деп, тағы шығынға батырған. Ал алған 800 мың теңгені өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберді.

Айыпталушы әйел тағы біреуге «Даму» қорынан 25 миллион теңге алуға көмектеспек болады. Қызметі үшін 100 мың теңге алды.

Айта кетейік, сот отырысы кезінде айыпталушы тағылған айыпты ішінара мойындады. «Алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танылған оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 200 сағатқа дейінгі мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.

Пікір қалдырыңыз