сәуір 27, 2018

Ақтөбеде Республикалық «Жасұлан – 2018» әскери қолданбалы спорттық шарасына үміткер оқушылар іріктелді

Патриоттық шара барысында белгілі әлиятанушы Ғалымжан Байдербес «Сабыр Рахимов» атындағы медальмен марапатталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласында білім беретін мектептердегі әскери-патриоттық клубтардың қатысуымен өткізіліп отырған жиынға тоғыз команда қатысты. Облыстық кезеңнің шарты бойынша мектеп оқушылары саптық дайындық, жүгіру, кермеге тартылу, эстафеталық жарыстар және бір орыннан ұзындыққа секіру бойынша сайысқа түсті. Жастарды патриоттық тәрбиеге тартып, отансүйгіштікке баулып жүргені үшін белгілі әлиятанушы Ғалымжан Байдербес Кеңес Одағының батыры «Сабыр Рахимов» атындағы медальмен

Ақтөбеде білім саласының шенеунігі атқарылмаған жұмыстар үшін 40 млн теңге аударып жіберген

Ақтөбеде білім бөлімі басшысының орынбасары Руслан Әлжановтің үстінен тәртіптік іс қаралды. Ол жеке мектепке дейінгі білім ұйымдарына жасалмаған жұмыстар үшін 40 млн теңге аударып жіберген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Мәртөк ауданы Хазрет ауылдық округінің әкімі Дүйсенов те жауапқа тартылып отыр. Ол қызметтік көлікті жеке шаруаларына пайдаланып қойған.

Ақтөбелік полицейлер бүгінгі оқу-жаттығуға байланысты тұрғындарды сабырға шақырып отыр

Ақтөбе қаласында күш құрылымдары мен тәртіп сақшылары жоспарлы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Оқу-жаттығуға байланысты туындаған уақытша жайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сүйеніп, сабырлық сақтауларыңыз сұралады», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Ақтөбеліктер Чернобыль АЭС апатына қатысушы жерлестерін еске алды

Ақтөбеде «Чернобыль Құрбандары» ескерткішіне апат зардабын жоюшыларды еске алуға арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Чернобыль АЭС-тағы апат – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі. Чернобыль апатын жоюға Ақтөбе облысынынан 2000 адам қатысқан болатын. «Чернобыль құрбандары» Ақтөбе облыстық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Сатовтың айтуынша, қазіргі таңда облысымызда 260 адам қалған. Олардың 80-90% мүгедектер қатарында. Еске алу рәсіміне апатты жоюшылардың өздері, қалалық әкімдік өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, колледж

Ақтөбеде жас жауынгерлерді салтанатты түрде әскерге шығарып салды

Қазақстанда көктемгі әскер қатарына шақыру жүріп жатыр. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта 50 ақтөбелік әскерге шақырылушыны еліміздің Қарулы Күштеріне салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Болашақ жауынгерлерді құттықтауға Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ардагерлер ұйымдары мен бірлестіктерінің өкілдері, әскери-патриоттық клубтардың шәкірттері, ата-аналар мен шақырылушылардың достары келді. Шақырылушылар күніне арналған әскери-патриоттық акцияға қатысушыларды Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова, қорғаныс істері жөніндегі облыстық департамент бастығы полковник Сейіткерім

Ақтөбеде ерекше белсенділігімен көзге түскен мектеп директоры қаланың "бас педагогы" болып тағайындалды.

Айсұлу Жақсыбаева Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Мұғалжар ауданында дүниеге келген ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі біліктілігі бойынша аяқтаған. Шалқар ауданында үш мектепті басқарған, Ақтөбеде мұғалімдіктен директор қызметіне дейін жоғарылаған Айсұлу Жақсыбаева күні бүгінге дейін №8 мектепке жетекшілік етіп келді. Бұрын ол қалалық білім бөлімінің әдіскері, бас маманы, Ақтөбе облыстық білім департаментінің бас маманы қызметтерін де атқарған.

Благотворительный бал «Шексіз қайырымдылық» прошел в Актобе.

ЗКГМУ имени Марата Оспанова при поддержке ректора вуза Ербола Бекмухамбетова с 2009 года оказывает благотворительную помощь в целях привлечения внимания общественности к проблемам детей-сирот и детей с ограниченными возможностями. В текущем году VIII ежегодный благотворительный бал прошел 26 апреля, сообщает Aktobenews.kz со ссылкой на пресс-службу университета. В мероприятии приняли участие зарубежные гости международной научно-образовательной конференции «Интернационализация непрерывного медицинского профессионального образования. Взгляд в будущее», аким г. Актобе Ильяс Испанов, профессорско-преподавательский состав,