Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев арбаға таңылған ақтөбелік жастың тойын тегін жүргізіп беретін болды (видео)


«Алдараспан» театрының жетекшісі Нұржан Төлендиев Ақтөбедегі концертінде Шынболат Исағалиев есімді мүмкіндігі шектеулі жасөспірімге сахналық костюмын сыйға тартты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Сен мұңайма! Үйлену тойыңа біз тегін келеміз. Ғұмырлы бол! Бақытты бол! Мұның барлығы сынақ. Анаңның нұры бол!», — деді танымал әзілкеш концертке келген көрерменіне.

Халыққа күлкі сыйлап жүрген өнер иесі сөз арасында әзілдеп те үлгерді.

«Қайрат Нұртас сияқты костюм беріп кетейін бе?! Қалтасында куәлігім қалып кетпесін, ертең ұша алмай қалмайын», — деп үстіндегі костюмін шешіп берді.

Пікір қалдырыңыз