Ақтөбеде алдағы жексенбіде кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді


Жексенбі, 29 сәуір күні Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда және «Алтай» жабық базарында көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жәрмеңкелерге Ақтөбе қаласының жергілікті тауар өндірушілері, жылыжай кешендері және шаруа қожалықтары және Хромтау ауданының өкілдері қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ет, сүт, көкөніс өнімдері, бакалея және кондитер өнімдері базар бағаларымен салыстырғанда 10-15 пайызға төмен бағамен ұсынылады.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімі тұрғындарды жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырады.

Пікір қалдырыңыз