Ақтөбеде 27 сәуірінде кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді


Қазақстан Халықтары Бірлігі және Жеңіс күні мерекелеріне орай, 2018 жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00 –де «Keruen City» ойын-сауық орталығының екінші қабатында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі.

Бүгінгі күнге 50 мекеме 537 бос жұмыс орындарына өтінім берді.

Сонымен қатар, аудандардың жұмыспен қамту мекемелерінің өкілдері шақырылған. Атап айтсақ, Байғанин, Мәртөк және Алға аудандары қатысуға ниет білдіріп отыр.

Пікір қалдырыңыз