Талдықорғанда жас әдебиетшілердің алғашқы форумы өтті


Талдықорғанда жас әдебиетшілердің «Жетісу көктемі» атты алғашқы форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақындар мен жазуышалар Жетісу өңірінің тарихи және мәдени орындарында болып, шабытына шабыт қосты. Поэзия кештерінде шығармаларын оқып, арнайы семинарларға қатысты. Форум барысында республикалық «Рух» әдеби байқауының қорытындысы бойынша жарыққа шыққан кітаптардың тұсауы кесіліп, бір топ жас қаламгер Қазақстан Жазушылар Одағына мүшелікке қабылданды.

«Мәңгілік елдің мұраты» атты жабық әдеби байқаудың нәтижесінде үздік деп танылған екі әдебиетші Алматы облысы әкімінің «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесінің иегері атанады. Проза жанры бойынша Қанат Әбілқайыр ал, поэзия бойынша Сағыныш Намазшамова топ жарды. «Жас қаламгердің көңіліне, жүрегіне бір рухани дән себілді деп айтуға болады. Бұл шығармашылықтың дәні. Бұл келешекте кәдімгідей тамырланып, өзінің жемісін беретініне сенімім зор», деді ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Пікір қалдырыңыз