«Рухани жаңғыру»: Ақтөбеде солақай саясаттың құрбанына айналған дін қайраткерлерінің өмірінен сыр шертілді


«Ақтөбе облысындағы діни қайраткерлер және діни нысандар» тақырыбында өткен облыстық ғылыми конференция барысында солақай саясаттың құрбанына айналған дін қайраткерлері Бисен хазрет, Кәрімберген хазрет, Жұмағали ахун, Рахманқұл ишан, тағы басқаларының өнегелі өмірінен сыр шертілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыстық мешітке сілтеме жасап.

Шараға профессорлар мен тарихшылар, ғылыми қызметкерлер мен мешіт имамдары, студент жастар қатысты.

Конференцияда ғалымдар мен заңгерлер, тарихшылар мен музей қызметкерлері әр түрлі тақырыпта баяндамалар жасады.

Соның ішінде, діни ағарту саласына өлшеусіз үлес қосқан, Кемел басқосуға дін қайраткерлерінің ұрпақтары да қатысып, естеліктерімен бөлісті. Соның ішінде, Бисен хазреттің немересі Жібек Османғалиқызы осы уақытқа дейін «Руханият» музейі жүргізген зерттеу жұмыстары, экспедициялар нәтижесінде 40 хазреттің өмір жолы зерделенгендігін, бұл бағыттағы жұмыстары әлі де жалғасатындығын жеткізді.

Конференция жұмысына белсене атсалысқаны үшін барлық қатысушыларға, соның ішінде конференция модераторы Жаңақоныс ауылдық округіндегі «Бақытжан» мешітінің бас имамы Асылхан Нұртайұлына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның атынан «Алғыс хаттар» табысталды. Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің атынан естелік сыйлықтар үлестірілді.

Пікір қалдырыңыз