Ақтөбелік жас жүзушілер чемпионатта жүлделі орындар алып, жұртты таңғалдырды


Баттерфляй әдісімен жүзген ақтөбелік қыз ҚР Чемпионатының «Ең үздік спортшысы» атанды, деп хабарлайды облыстық спорт басқармасына сілтеме жасаған Aktobenews.kz тілшісі.

11-14 сәуір күндері Астана қаласында жүзуден өткен Қазақстан чемпионатына 365 спортшы қатысты. Ақтөбедегі «Достық» спорт мектебінің шапшаң жүзетін дарынды оқушылары да бақтарын сынады.

Сайыс нәтижесінде Диана Тасжанова 100 және 200 метрге баттерфляй жүзуінен бірінші орын жеңіп алды. Сондай-ақ, ол 50 метрге баттерфляй жүзуінен, 50, 100 және 200 метрге шалқалап жүзуден екінші орындарға қол жеткізді.

Әділ Әділгереев 400 метр қашықтыққа еркін стильде жүзуден бірінші орынды иеленді.

Бұдан басқа, Диана Тасжанова баттерфляй әдісімен жүзуден ҚР Чемпионатының «Ең үздік спортшысы» атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері А.Гаврилов атындағы ауыспалы кубокті ұтып алды.

Пікір қалдырыңыз