Ақтөбеде балалар күніне орай өткізілетін байқауға шет мемлекеттерден қатысуға өтініштер түсіп жатыр


Облыс әкімінің тапсырмасымен бастау алған жоба аясында «Бақытты бала – 2018» ашық вокалдық фестиваль байқауы өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Вокалды фестиваль-конкурсқа 10-15 жас аралығындағы балалар қатысады. Қазіргі уақытта ұйымдастыру комитеті қатысуға өтінімдер қабылдауда.

Ұсыныстар Грекия, Ресей, Украина, Татарстан, Қытай және Қазақстанның вокалистері тарапынан түсіп жатыр.

Компьютерлік өңдеусіз және жанды дауыста орындалған әнді baqyttybala@gmail.com электрондық поштасына жолдау керек. Өтінімдер 15 мамырға дейін қабылданады.

Пікір қалдырыңыз