«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»: Полицейлер Мұғалжар тұрғындарымен кездесті

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру аясында ақтөбелік тәртіп сақшылары Мұғалжар ауданының тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«80-нен астам шара өткізілді, оған 6300 адам қатысты. Лаңкестіктің алдын алу мақсатында 29 оқу-практикалық сабақ жүргізілді. Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларына кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар берілді», — деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Көші-қон», «Қару», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Пікір қалдырыңыз