«Рухани жаңғыру»: Бауыржан Момышұлының туған күніне орай Ақтөбеде арнайы көрме өтеді

«Әлия» патриоттық тәрбие орталығы жыл сайын кең көлемде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туған күнін атап келеді. Кең көлемдегі шаралар ұйымдастырады. Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы батыр музейімен байланыс орнатқан орталық басшысы алдағы күндері екі жақты көрмелер болатынын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Жеті жылдан бері жылма-жыл туған күнін кең көлемде атап өтіп келеміз. Былтыр Ақтөбе қаласындағы мектеп ордаларының біріне батырдың есімі берілді. Жуалы ауданымен байланысты күшейттік. Ол жақта Бауыржан Момышұлы атындағы үлкен музей бар екен. Алдағы уақытта олар бізге, біз оларға барып, музейдегі қорымызды таныстырамыз», — дейді «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Бағдаш Тупенова.

Пікір қалдырыңыз