Бердібек Сапарбаев: Мұнай бүгін керек, ертең керек емес боп қалуы әбден мүмкін


Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының мүмкіндіктері мен тыныс-тіршілігіндегі ерекшеліктерді атап өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Әрбір өңірдің өзіне тән менталитеттері бар. Оңтүстік халқы саудаға жақын, жердің қадірін біледі. Шығыстың халқы өндіріске маманданған. Осы саланың жақсы мамандары көп», деді Бердібек Сапарбаев «Жас алашқа» берген сұхбатында.

Облыс әкімінің пайымынша, Ақтөбенің тұрғындары мұнай, газ, металл өндіруге жақын. Дегенмен, Сапарбаев Ақтөбе өңірінің мал шаруашылығына ең қолайлы облыстардың бірі екенін де айтып өтті.

«30 млн гектар жері бар. Соның 25 миллионы шабындық пен жайылым. Сондықтан осы салаға көңіл аударуға күш салып жатырмыз. Суармалы жерлерді көбейтуіміз қажет», — дейді облыс басшысы.

Бірақ, Сапарбаевтың пайымынша, жергілікті халық негізінен, мұнайға сеніп кеткен. Қайбір кезде мұнайдың бағасы мүлдем түсіп кетті.

«Президент айтқандай, басқа саланы да дамытуымыз керек. Ақтөбе — Ресеймен шекаралас жатқан облыс. Ресейде тамақтың барлық түрі бізге қарағанда қымбат. Осы мүмкіндікті пайдалану қажет қой. Тамақ қашанда қажет. Ал мұнай бүгін керек, ертең керек емес боп қалуы әбден мүмкін», — деді Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз